BasNewsЖаңалықтар
Ақтауда бір тәулікте төрт егіз дүниеге келді
Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында бір тәулікте төрт егіз дүниеге келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Өмірге алты ұл мен екі қыз келген. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. Ең кішкентай баланың салмағы 1 950 грамды құрады, ал ең ірісі – 3150 грамм.
Айта кетейік, 2021 жылы «Ана мен бала» перинаталдық орталығы егіздердің дүниеге келу көрсеткіші бойынша көш бастаған. Перзентханада бір жылда 169 егіз және үш үшем дүниеге келді.



