BasNewsЖаңалықтар
Жаңа бағдарлама бойынша көлік сатып алу шарттары аталды
Вице-премьер Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Вице-премьер «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.
«Осыған дейінгі бағдарламада жылдық пайыз 20, бастапқы жарна 4 пайыз болса, қазір жылдық пайыз 4, бастапқы жарна 4 пайыз болады. Бұл 7 жылға есептеледі. Әрине, 7 жыл көп уақыт болмағандықтан көбіне арзан көліктер берілетіні түсінікті. Осылайша, 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады», – деді Скляр.



