BasNewsЖаңалықтар
Путин Донбаста арнайы әскери операция өтетінін хабарлады
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция басталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Путин Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоғын атап өтті.
Сонымен қатар, РФ басшысы Ресейге қауіп төндіруі мүмкін ішкі күштерге үн қатты. Оның сөзінше, Ресейдің жауабы көп күттірмейді.
«Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Барлық қажет шешім қабылданды», – деді Путин.



