BasNewsЖаңалықтар
28 ақпанда «Nur Otan» партиясының отырысы өтеді
28 ақпанда «Nur Otan» партиясының отырысы өтеді. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Асқат Ораловқа сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.



