BasNewsЖаңалықтар

Зеленский Путинге келіссөз үстеліне отыруды ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы да үндеу жасаймын. Украинаның түкпір-түкпірінде ұрыс жүріп жатыр. Адамдар өлімін тоқтату үшін келіссөзге көшейік», – деді Зеленский әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуінде.

https://www.instagram.com/tv/CaZeoiCgFQ1/?utm_source=ig_web_copy_link

Сондай-ақ, Украина басшысы Еуропаны «баяу көмек көрсетті» деп сынады.

«Біз не істегелі жатқаныңызды мүлде көріп отырған жоқпыз. Украинада бізге соншалықты баяу көмектесіп жатқаныңызда, өзіңізді қалай қорғайтыныңызды түсінбейміз», – деді Зеленский.

Басқа жаңалықтар

Back to top button