BasNewsЖаңалықтар
Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 6 наурызда Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Түнде және таңертең бірқатар өңірлерде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Болжамның дәлдігі 85-90 %.
6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
7 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Петропавл қаласында күндіз 6 наурыздасолтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 7 наурызда оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.



