BasNewsЖаңалықтар

Кентау әкімі қамауға алынды

Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пара алды деген күдікпен Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Махажанов 2019 жылдың сәуір айынан бастап Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button