BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесін өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.



