BasNewsЖаңалықтар
Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанның Украинадағы елшілігі азаматтарға үндеу жасады, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.
«2022 жылғы 28 ақпанда сағат 9.30-да Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінен қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға Львов қаласына автобус жөнелту жоспарланған. Автобус сыйымдылығы 50 орын», – делінген хабарламада.
Елшіліктің мекенжайы – Ю. Ильенко, 26, байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.
Елшілік әлеуметтік желілердегі және Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің жедел мессенджерлеріндегі өзекті ақпаратты қадағалап отыруды сұрады:
- Instagram – kazenbukr
- Facebook – KazEmbassyUkr
- Telegram – t.me/KZembassyinUKR



