BasNewsЖаңалықтар

Елімізде әуе кеңістігімен өтетін транзиттік ұшақтар саны артты

Әуе кеңістіктерінің жабылуына байланысты Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан мен Парсы шығанағы елдеріне бағытталған транзиттік рейстердің көпшілігі қазір Еуропаның оңтүстік дәліздері арқылы орындалып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл ретте әуе қозғалысы ағынының бір бөлігі Қара теңіз өңірінен Қазақстан аумағына бағытталды. Соңғы тәулікте елдің әуе кеңістігі арқылы бұрын жоспарланбаған 257 рейс орындалды, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Республиканың аэронавигациялық жүйесінің өткізу қабілеті ешқандай шектеусіз әуе қозғалысының қосымша көлемін қабылдауға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша бірқатар арнайы шара қарастырылған: қосымша секторлар ашу, кезекші ауысымдарды күшейту әрі азаматтық-әскери үйлестірудің өзара іс-қимылы, түзетілген және балама бағыттар ұсыну, Қазақстан әуеайлақтарына қонатын кемелер үшін әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат беруді оңайлату әрі т. б», – делінген ақпаратта.

Еуропадан Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған рейстердің артуы елімізге айына $1,5 млн көлемінде қосымша табыс әкеледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button