BasNewsЖаңалықтар

Абай ауданындағы жұмыссыздар үшін 2 наурызда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Абай қаласының Мәдениет үйінде 2 наурыз сағат 11:00-де бос орындар жәрмеңкесі өтеді, оған халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері қатысады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

– Жәрмеңкеге Абай ауданының жұмыс берушілері мен Шина зауытының және қазір жұмыскер іздеп жүрген басқа да компаниялардың өкілдері қатысады. Сондай-ақ, біздің орталықта тіркелген барлық жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, NEET санатындағы жастарды, зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды, пробациялық есепте тұрған адамдарды шақырамыз, – деп хабарлады Абай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Әсемгүл Шакенова. – Сонымен қатар, 2 наурызда Дубовка кентінің мәдениет үйінің жанында біздің мобильді топ түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, онда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады.

Абай ауданының алты елді мекенінде жұмыссыздармен  кездесулер өтті. Онда жұмыссыздарға Күміс жас», «Жастар тәжірибесі» жобалары туралы айтылады, өз ісін ашуға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу және қысқа мерзімді кәсіптік қайта оқытудан өту мәселелері бойынша консультация берілді. Сондай-ақ, кездесулерден кейін азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі.

1 ақпандағы жағдай бойынша Абай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 148 адам тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button