BasNewsЖаңалықтар

«Nur Otan»-ның құрамы өзгереді

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы Асқат Ораловқа сілтеме жасап.

Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.

Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:
1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы, – деп жазды Оралов өзінің Facebook парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button