BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы 495 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 ақпан кешімен салыстырғанда 28,34 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 495 теңге болды.

Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 467, 09 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 498 теңгеден сатылса, сатып алу – 504 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 485 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 530 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button