BasNewsЖаңалықтар

16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасы жарияланады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсті. Осы орайда, біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қалуы керек», – деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» (Amanat) партиясының кезектен тыс съезінде.

Айта кетейік, онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Съезд күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияны модернизациялау мәселелері қаралды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button