BasNewsЖаңалықтар
2 наурызға арналған доллардың бағамы белгіленді

Ұлттық банк 2 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сәрсенбіде доллар бағамы 487,75 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 26-28 ақпандағы ресми бағамы 495,00 теңге болды.
Ал KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы – 487,75 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы – 484,73 теңге, сатылымда – 490,52 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 482,90 теңгеден сатып алып, 488,73 теңгеден сатып жатыр.



