BasNewsЖаңалықтар
БҰҰ конференциясында Лавровқа бойкот жарияланды
1 наурызда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров БҰҰ конференциясында сөйлеп жатқанда шамамен 40 батыс елі мен олардың одақтастарынан, сондай-ақ Жапониядан 100-ден аса дипломат бойкот жариялап, Ресейдің Украинаға басып кіруіне наразылық білдіріп залдан шығып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Дипломаттар Лавровтың алдын-ала жазылған сөзі басталғанда залдан шығып кетті», – делінген хабарламада.
Ресей министрінің сөзін тыңдауға бірнеше делегация өкілдері ғана қалды – Қытай, Йемен, Алжир, Венесуэла, Сирия және Тунис.
ЕО, АҚШ және Ұлыбритания өкілдері мұны Ресейдің Украина аумағына басып кіруіне наразылық ретінде жасағанын айтты.



