BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты БҰҰ-ны нығайту қажеттігін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси жағдай шиеленісіп тұрған кезде БҰҰ-ның әлеуеті мен ролін арттыру керек екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ол Қазақстан бұл ұйымға 30 жыл бұрын мүше болғанын атап өтті.

«Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен ролін арттыра түсу керек», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ-ға осыдан тура 30 жыл бұрын – 1992 жылы 2 наурызда кірген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button