BasNewsЖаңалықтар
Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүрілетін болды
Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады», – деді Берік Уәли.



