BasNewsЖаңалықтар
Еліміздегі барлық өңір «жасыл» аймаққа өтті
3 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Матрицаға сәйкес, Қазақстандағы барлық өңір «жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.



