BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина бастамасымен Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы президент кеңесшісі Берік Уәли айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ақорданың мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.
Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
Бұған дейін Беларусь еліне украин тарапымен келіссөздер жүргізу үшін Ресейден делегация келгені хабарланған болатын. Кездесу 3 наурызда өтеді деп күтіледі .



