BasNewsЖаңалықтар

OneWeb Байқоңырдан спутниктерді ұшыруды тоқтатты

OneWeb компаниясының басшылығы Байқоңыр ғарыш айлағынан барлық ұшыруларды тоқтату туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мәлімдеме бүгін, 3 наурызда компанияның ресми сайтында жарияланды.

«OneWeb директорлар кеңесі Байқоңырдан барлық ұшыруларды тоқтатуға дауыс берді», – делінген хабарламада.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, британиялық жерсеріктерді Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру 5 наурызға жоспарланған болатын.

Бірақ 2 наурызда Роскосмос жерсеріктерді ұшыру үшін Ұлыбритания OneWeb акционерлерінің құрамынан шығуы керек деп мәлімдеді.

Дегенмен, британиялық үкімет OneWeb компаниясындағы өзінің үлесін сатпайтынын жариялады.

OneWeb – мобильді спутниктік байланыс технологиясын пайдалана отырып, кең жолақты интернетті қамтамасыз етуге арналған спутниктердің өзара байланысқан жүйесі. Компанияның штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button