BasNewsЖаңалықтар

ҰҚК төрт күн бұрын жоғалған сарбазды іздестіруде

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2 наурыздан бері із-түзсіз кеткен сарбазға іздеу салды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ҰҚК шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр.

«Іздеуге Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті мен полиция департаментінің күш-құралдары жұмылдырылған. Осы факт бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүріп жатыр. Ұ.Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефон нөмірлеріне хабарласқаны абзал: 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (шекара қызметінің сенім телефоны)», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button