BasNewsЖаңалықтар
Атырау облысында 20-ға жуық ауыл жарықсыз қалды
Атырау облысы Құрманғазы ауданында 16 ауыл желдің салдарынан жарықсыз қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
5 наурызда сағат 03.10-да Құрманғазы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел – екпіні секундына 22-23 метр) ішінара Құрманғазы, Орлы, Шортанбай, Нұржау, Жаңаталап, Қиғаш, Бірлік, Ақкөл, Мақаш, Дыңғызыл, Теңіз, Сафон, Байда, Көптоғай, Еңбекшіл, Кудряшов (абонент саны 52 907) елді мекендерінде электр энергиясын беру авариялық жағдайда тоқтатылды.
«6 наурызда сағат 11.30-дағы жағдай бойынша Орлы, Шортанбай ауылдары және ішінара Құрманғазы кентінде жарық қосылды. Қалған елді мекендерде қосылмады (абонент саны – 38 333). Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.


