BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің синоптиктері 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады. Метереологтардың дерегінше, бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

8 наурызда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 07-08 наурызда көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәуліу-бойы кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button