BasNewsЖаңалықтар

Алдағы күндері елімізде 28 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет 10-12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады. Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17-28-ге аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.

Сондай-ақ фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button