BasNewsЖаңалықтар

Алматы мектептеріне 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті COVID-19 бойынша шектеу іс-шаралары кезінде мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастыруға мониторинг және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

166 тексеру жүргізілді, оның ішінде 87 арнайы тексеру, 57 жоспардан тыс тексеру, 22 мониторинг топтарының құрамындағы іс-шара бар.

Тексерулер барысында мынадай заң бұзушылықтар анықталды:

– қаланың 3 мектебінде сабақ арасындағы үзілістердің бекітілген ұзақтығы сақталмаған;

– 4 мектепте оқу жоспары күндізгі және аптадағы оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикасын есепке алмай құрастырылған, 2 мектептің бастауыш сыныптарында қосарланған сабақтарға рұқсат етілген;

– сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, 19 мектепте жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмаған;

– 2 мектепте жиһаздар жартылай тозған, ауыстыруды қажет етеді.

Сондай-ақ дезинфекциялау режимін, желдету кестесін және басқа да профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзу фактілері анықталды.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен 9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды. Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button