BasNewsЖаңалықтар
Назарбаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті.
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы – ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссия алаңы.
Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.


