BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған бес адам сотталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 5 адамға үкім шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сотталған 5 жігіттің екеуі кәмелет жасына толмаған. Олар 17-20 жаста. Бұлардың қылмыс кезінде мас болғаны анықталды.

Қаскөйлердің үшеуіне сот өмір бойына ұстаздық қызмет атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салып, 16 жылға бас бостандықтарынан айырды. Ал қалған екі жігіт 10 жылға қамалды. Оның біреуі жасөспірімдер колониясында жазасын өтейді.

Сондай-ақ қылмыскерлер жәбірленушінің пайдасына 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button