BasNewsЖаңалықтар

Ұлттық банк демалыс күндеріне доллардың ресми бағамын бекітті

Ұлттық банк 12-14 наурызға арналған доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Демалыс күндері және дүйсенбіде доллар бағамы 510,79 теңге болады. Айта кетейік, 11 наурызда доллардың ресми бағамы 509,80 теңге болған еді. 12-14 наурыздағы рубльдің ресми бағамы – 4,42 теңге.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 510,79 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 513,82 теңге, сату – 519 теңге. Нұр-Сұлтанда валютаны орташа есеппен 515,94 теңгеден сатып алып, 519 теңгеден сатып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button