BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте студент қыздар көшеден сәби тауып алды
Шымкентте тұрғын үй ауласынан жаңа туған нәресте табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов хабарлады.
Анасы сәбиін үйлердің бірінің ауласына тастап кеткен.
«Ұл бала, салмағы – 3 келі, дүниеге келгеніне екі тәулік болған», – деп жазды Позилов Instagram-дағы парақшасында.
https://www.instagram.com/p/Ca7h8h4M5eu/
Айтуынша, баланы студент қыздар тауып алған. Олар сәбиді бірден жақын маңдағы жедел жәрдемнің Call-орталығына әкелді. Бала қатты тоңып қалған, жағдайы ауыр болған.
Call-орталық қызметкерлері мен диспетчерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сәбиді аман алып қалды. Осыдан кейін нәресте ауруханаға жеткізілді.


