BasNewsЖаңалықтар
Атырауда 60 келіден артық марихуана тасымалдамақ болғандар ұсталды
6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірге жеткізуге қатысы бар деген күдікпен үш ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
![]()
7 наурызда, алдын ала деректер бойынша, есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы ұсталды.

Процестік іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық «марихуана» есірткісі алынды, оның «қара нарықтағы» құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы дерек жөніндегі соталды материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Атырау облысының тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.



