BasNewsЖаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

Бас прокуратура «Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы» хабарламаға түсінік берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатқан болуы мүмкін екені туралы хабарлама тарап жатыр.

Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды», – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері.

Олар қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button