BasNewsЖаңалықтар

Ауа райының бұзылуына байланысты 16 өңірде ескерту жарияланды

РМК 13 наурызда ауа райының бұзылуына байланысы бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында оның күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады.

Алматы қаласында күндіз қатты жаңбыр жауады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болжанады. Өңірдің оңтүстігінде тұман,15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші оңтүстікте 15-20 м/с артады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман болжанады. Күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 23 м/с артуы ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шымкент қаласында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде облыстың шығысында тұман байқалады.

13-15 наурыз аралығында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тау етегіндегі аудандарында қар аралас жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамдарына сәйкес, беткейлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button