BasNewsЖаңалықтар

Иракта АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлады

Жексенбіге қараған түні Ирактың солтүстігіндегі Эрбил қаласында жарылыс болды. АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлаған. Бұл туралы ақпаратты Ирактың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйеніп, «Шафак ньюз» жаңалықтар порталы жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Зымырандар АҚШ консулдығы мен «Күрдістан 24» телестанциясы маңына, Эрбилдегі Салах-эд-Дин деген жерге құлады. Жарылыс нәтижесінде «Күрдістан 24″ телеарнасының ғимаратына материалдық залал келтірілді», – делінген хабарламада.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button