BasNewsЖаңалықтар
Qazaq Air Ресейге қатынайтын рейстерді қайта қалпына келтірді
Компанияның баспасөз қызметі Ресейге жоспарланған барлық рейстер 2022 жылдың 13 наурызынан бастап қайта қалпына келтірілетінін, билеттерді брондау қолжетімді екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2022 жылы 12 наурызда Новосибирскіге қатынайтын рейстің тоқтатылуына байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Qazaq Air әуекомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық талаптарды сақтайды, – деп хабарлады «Qazaq Air» әуекомпаниясындағылар.



