BasNewsЖаңалықтар
Семейдегі аспалы көпірге атау берілмек

Семей қаласындағы аспалы көпірге атау беріледі, деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Көпірге атау қойған жөн. Ол үшін әлеуметтік желілерде байқау жариялау керек. Тұрғындар өз ұсыныстарын айтсын. Негізінен басқа жерлерде біздегі сияқты үлкен көпірлердің әдемі атаулары болады», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі жиналыс барысында.
Аймақ басшысы өз сөзінде аспалы көпірді толық жарықтандыру мақсатында 340 млн теңге бөлінетіндігін айтты.



