Ауа райына байланысты Қазақстанның 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
15 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оралда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
15 наурызда кейуақытта Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 18 м/с. Ақтөбеде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.



