Жаңалықтар

Маңғыстау облысында баланы көлік қағып кетті

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауылы жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде жаяу жүргіншілер жолында баланы көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланды. Аймақ полициясы мәліметінше, жол апаты 14 наурызда сағат 13.30-да Маңғыстау ауылында «Келдіаман» сауда орталығына қарсы болған.

Opel Vectra көлігінің жүргізушісі алты жасар қызды қағып кеткен.

«Зардап шеккен бала аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілді. Жүргізушіге 610-баптың 2-бөлігі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы» және ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігі «Жүргізушінің өзі қатысқан ЖКО орнын жол жүрісі қағидаларын бұза отырып тастап кетуі» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деді өңір полициясы қызметкері.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button