BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы қайта төмендеді
Теңгеге шаққандағы доллар бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,85 теңгеге төмендеп, 504,76 теңгеге тең болды. Ұлттық банк мәліметінше, 18 наурызда доллардың ресми бағамы – 506,14 теңге.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы 509,54 теңге, ал сатылым – 513,96 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 509,31 теңгеден сатып алады, 514,54 теңгеден сатады.



