BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтан маңында жиырма шақты жылқыны жүк поезды қағып кеткен

Нұр-Сұлтанға жақын жерде пойыз жиырма шақты жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға 18 наурыз күні сағат 03.00 шамасында Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркіншілік-Сарыоба учаскесінде болған.

Лошади лежат на снегу

Жүк пойызының машинисі қараңғыда теміржолдағы жануарларды бірден байқамай, 20 жылқыны қағып кеткен.

Оқиғаны тексеру барысында көлік полициясы түнде жылқыны қараусыз қалдырған 44 жастағы бақташыны анықтады.

Оның үстінен теміржол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы бойынша хаттама толтырылды. Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button