Таразда ер адам МРТ аппаратының ішінде көз жұмды
Таразда 35 жастағы жергілікті тұрғынды магниттік-резонанстық томография аппараты жұтып қойып қаза тапты. Атпалдай азаматты медициналық құралдың магниті ішке қарай тартып әкетіп, ол соның аузында кептеліп қалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
“Ол біздің асыраушымыз еді. Енді не істейміз? Маған ұлымды қайтарып берсін. Ол әлі өмірдің қызығын көріп үлгерген жоқ. Артында кішкентай қызы жетім қалды. Жұмыс істейтін бөлмені өздері босатып беруі керек емес пе. Ал ондағылар МРТ-ны орнынан қозғалтуды осыларға жүктеген”, – дейді қаза тапқан Аухуновтың анасы Вазира Хусаин-Ахунова.
Қайғылы жағдай қаладағы медициналық орталықтың бірінде болған. Мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген екі азамат МРТ аппаратын орнынан жылжытпақ болған.



