BasNewsЖаңалықтар
Оралда эскалатордан құлап кеткен сәби көз жұмды
Оралда дәрігерлер жергілікті Asia Mall сауда орталығында анасы эскалатордан түсіріп алған тоғыз айлық қыздың шетінеп кеткенін хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Айта кетейік, екінші қабаттан құлаған сәби бірден қалалық көп салалы ауруханаға жатқызылды. Баланың жағдайы аса ауыр деп бағаланды. Жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қыз балаға ауруханада қан құйылды.
«19 наурызда бала есін жимай көз жұмды», – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға 13 наурыз күні болған. Эскалатормен көтеріліп келе жатқан 35 жастағы әйел баланы қолына ұстай алмай, 4-5 метр биіктіктен құлатып алды. Оқиғаның видеосы желіде пайда болды.



