BasNewsЖаңалықтар
Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен протоколдық кездесуі өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.



