BasNewsЖаңалықтар

Жезқазғанда үш жігітті тепкілеп кеткендердің видеосы тарады

Жезқазғанда жастар арасында төбелес болды. Оқиға видеоға түсірілген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Төбелес 25 наурызда болғаны белгілі. Әлеуметтік желілерде оның видеосы енді тарап жатыр. Кадралардан бірнеше ер адам үш жігітті тепкілеп кеткенін көруге болады.

Бейнежазба құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Полицейлер қақтығыс 25 наурызда Жезқазғанда болғанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жезқазған полиция басқармасының қызметкерлері 17-18 жас аралығындағы төрт адамды ұстады», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

https://www.instagram.com/tv/CblxWDJIz4y/?utm_source=ig_web_copy_link

Басқа жаңалықтар

Back to top button