BasNewsЖаңалықтар

Таразда ағаш құлап, 12 жасар бала көз жұмды

Қолайсыз ауа райының салдарынан ағаш құлап, 12 жастағы бала көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Тараз қаласындағы «Арбат» саябағының аялдамасында бала үстіне құлаған ағаштың астында қалып, қайтыс болды. Ол анасымен бірге автобусты күтіп тұрған болатын. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Жалпы әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр. Онда күшті жел көп қабатты үйлердің шатырын шайқағанын көруге болады. Әзірге төтенше жағдайлар департаментіне қираған немесе зақымданған нысандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button