BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-да ауыл тұрғыны екі көлікті ұрлап әкетіп, апатқа түскен

Көліктерді ұрлаған 28 жасар азамат ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының басында Ұлан ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, оның үйінің ауласында тұрақта тұрған «Toyota» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.

Сол күні көлігім ұрланды деп тағы бір азамат полицияға жүгінген. Бұл жолы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғынының «Chevrolet» көлігін айдап кеткен.

Хабарлама түсісімен полиция қызметкерлері дереу қаскөйді іздеуге кіріскен.

Угнанная машина в ВКО Осылайша, жарияланған «Тосқауыл» жоспары, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде екі автомобиль де табылды. Анықталғандай, күдікті көліктің бірін аударып, «Өскемен-Самар» тас жолында қалдырған, ал екіншісі Бозанбай ауылының аумағында жұмыс істемейтін күйде табылған.

Разбитый автомобиль в ВКО

Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотталған ШҚО облыс орталығының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК – нің 200-бабы 1-бөлігі – «Айдап әкету» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button