BasNewsЖаңалықтар
Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
Орал әуежайының атауы өзгерді. Есім беру туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
БҚО тілдерді дамыту басқармасы мәлім еткеніндей, әуежайға М.Мәметованың есімін беру туралы ҚР Үкіметінің 18 наурыздағы қаулысы шықты.
Қаулы шыққан күннен бастап күшіне енді.
Мәншүк Мәметова – Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ол Қызыл Армияда пулеметші болып қызмет етті. Ол 1943 жылдың күзінде қайтыс болды, соңғы шайқаста 70-тен астам жауды жойды. Қайтыс болғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Биыл Батыс Қазақстан облысында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді.



