BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

Қостанайда жоғалып кеткен 16 жастағы студент Сергей Лукьянов Тобыл өзенінің түбінен табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жігіт 26 наурызда үйден оқуға шығып кеткен, бірақ сабаққа келмеген. Еріктілер мен полицейлер жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізген.

«Іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер тартылды, бүгін өзен түбін қарау кезінде жасөспірімнің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button