BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда алдағы тәуліктерде күн 25 градусқа дейін жылынады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2-4 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері, батыстан атлантикалық циклон ығыса бастайды, бұл негізінен жауын-шашын және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Иран аудандарынан жылы ауа массалары шығып, әсерінен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілеі деп болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жетеді», – делінген хабарламада.