BasNewsЖаңалықтар
ҚХДР Оңтүстік Кореяны ядролық қарумен қорқытты

Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа барса, Пхеньян ядролық қаруды қолданады. Бұл жайында ҚХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Чжон мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Риа Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Егер Оңтүстік Корея әскери қақтығысқа барса, біздің ядролық қарулы күштер өз міндетін орындауға мәжбүр болады», — деді Ким Ё Чжон.
Сонымен қатар, ол Оңтүстік Корея қорғаныс министрінің КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру туралы айтуы «өте үлкен қателік» болғанын айтты.
Бұған дейін Ким Е Джон Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Со Укты КХДР-ға қарсы алдын ала соққы беру мүмкіндігі туралы айтқан сөзі үшін «қоқыс» деп атап, Сеул үшін мұндай сөздердің қайғылы салдары болатынын ескерткен.